Өтетін орны: Алматы қ., «Атакент» КЦДС
Күні: 2024 жылғы мамыр
Қатысушылар: 30 елден келген ~500 компания
Келушілер: бірнеше мың салалық маман және қонақтар
KazBuild — Орталық Азиядағы ең ірі құрылыс және интерьер көрмесі. Бұл іс-шара «Хромтау кірпіш зауыты» ЖШС үшін өнімді Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріне ілгерілету бағытындағы маңызды стратегиялық қадам болды.
Біздің стенд архитекторы, мердігерлер, сауда компаниялары және девелоперлік ұйымдар тарапынан тұрақты қызығушылық тудырды.
Алматы және Алматы облысының жетекші құрылыс компанияларымен келісімшарттар жасалды. Ең жоғары сұраныс — әртүрлі түстегі қаптамалық (лицевой) кірпіш пен классикалық құрылыс кірпішіне болды.
Команда үшін іс-шара нарықтан нақты кері байланыс алуға және салалық талдау жүргізуге үлкен мүмкіндік берді. Сондай-ақ техникалық ақпарат пен презентациялық материалдардың маңыздылығы атап өтілді.
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз — менеджер 20 минут ішінде хабарласады.
Форманы жіберу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз